2026 жылғы 24 сәуірде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №99 жалпы орта білім беретін мектептің базасында «Заманауи педагогикалық технологиялар арқылы дарынды балалар мен талантты жастарды дамыту мен қолдау» тақырыбында «Педагогикалық инновация шеберханасы» қалалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты — педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және педагог мәртебесін арттыру. Іс-шараға білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, психологтері мен әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі нәтижелерге қол жеткізді: I орын — 6 педагог; II орын — 4 педагог; III орын — 6 педагог; грамотамен — 3 педагог марапатталды. Байқау педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, инновациялық идеяларын ұсынуына және білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді дамытуына мүмкіндік берді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!