КӘСІБИ ШЕБЕРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ
2026 жылғы 22 сәуірде №111 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы елордалық білім беру ұйымдарының 8–9 сынып оқушылары арасында «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңін өткізді. Байқау «Шаштараз ісі», «Сән технологиясы» және «Мобилография» құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылып, елордалық білім беру ұйымдарынан 45 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша чемпионаттың қалалық кезеңіне келесі білім беру ұйымдарының оқушылары жолдама алды: «Шаштараз ісі» құзыреттілігі бойынша: Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейі, №51 мектеп-гимназиясы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейі, №75 мектеп-гимназиясы, №111 жалпы орта білім беретін мектебі, №4 мектеп-гимназиясы. «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша: №53 мектеп-лицейі, №102 жалпы орта білім беретін мектебі, Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейі, №54 мектеп-лицейі, №101 жалпы орта білім беретін мектебі, №51 мектеп-гимназиясы, №4 мектеп-гимназиясы. «Мобилография» құзыреттілігі бойынша: №85 мектеп-лицейі, №57 жалпы орта білім беретін мектебі, №87 мектеп-гимназиясы, №101 жалпы орта білім беретін мектебі, №35 мектеп-лицейі, Neotech Digital School, Әлихан Бөкейхан атындағы Binom School мектеп-лицейі, №98 мектеп-лицейі, №26 мектеп-гимназиясы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейі, №111 жалпы орта білім беретін мектебі. «JasSkills Astana-2026» чемпионаты — оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және тәжірибелік дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Қалалық кезеңге жолдама алған барлық қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!