2026 жылғы 25 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының базасында республикалық М. Мақатаев оқуларының қалалық кезеңі өтті. Білім беру ұйымдарының 7–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқауға 101 оқушы қатысып, төрт номинация бойынша өзара бақ сынады: «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Жыр эстафетасы», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» және «Дариға, домбырамды берші маған». Өлең құдіретін ұлықтаған жас дарындар ақын мұрасын насихаттап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Республикалық кезеңге жолдама алған оқушылар: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша — №64 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ақжол Кәусар; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша — №83 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Болатбеков Батыр; «Дариға, домбырамды берші маған» номинациясы бойынша — №86 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Қайырбек Томирис. Жас таланттарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілеп, Мұқағали жырлары арқылы биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!