«JasSkills Astana-2026» ҚАЛАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

«АСПАЗ ІСІ» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

2026 жылғы 24 сәуірде Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің құзыреттілік орталығы базасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы елордалық білім беру ұйымдарының 8–9 сынып оқушылары арасында «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңін өткізді. Байқауға елордалық білім беру ұйымдарынан 7 оқушы қатысып, өздерінің аспаздық шеберліктері мен кәсіби дағдыларын көрсетті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша чемпионаттың қалалық кезеңіне келесі білім беру ұйымдарының оқушылары жолдама алды: №86 мектеп-гимназиясы, №35 мектеп-лицейі, №30 мектеп-гимназиясы, Әбіш Кекілбаев атындағы Binom School мектеп-лицейі, №111 жалпы орта білім беретін мектебі және №4 мектеп-гимназиясы. Келесі кезеңге жолдама алған барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Қалалық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DXhJdbFjJQA/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==