2026 жылғы 19–21 сәуір аралығында Астана қаласында 7–8 сынып оқушылары арасында биология және химия пәндерінен «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасы өтті. Еліміздің 18 өңірінен келген 173 оқушы, оның ішінде биология пәнінен 89 және химия пәнінен 84 оқушы білім додасына қатысып, өзара бақ сынады. Олимпиада теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды. Нәтижесінде елордалық оқушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Биология пәні бойынша: I орын (алтын медаль): Ержанқызы Марьям («NURORDA» мектеп-лицейі, 7-сынып), Ауханова Адель (Дарынды қыз балаларға арналған «БИЛ», 8-сынып). II орын (күміс медаль): Нағым Алима («NURORDA» мектеп-лицейі, 7-сынып). III орын (қола медаль): Протопопова Евдокия (№98 мектеп-лицейі, 8-сынып), Асылбек Алижан (№6 гимназия, 8-сынып). Грамота: Русланқызы Мәриям (Дарынды қыз балаларға арналған «БИЛ», 7-сынып), Кельджанова Дарья (№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі). Химия пәні бойынша: II орын (күміс медаль): Каронов Алибек (Қаныш Сәтбаев атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейі, 8-сынып). III орын (қола медаль): Тусупбаев Жангир («NURORDA» мектеп-лицейі). Жас дарындарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы білім додаларында толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!