«JasSkills Astana-2026» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытындысы

2026 жылғы 21 сәуірде №8 мектеп-лицейінде елорданың 8–9-сынып оқушылары арасында «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Чемпионатты «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды.

Іріктеу кезеңінде «Веб-дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн» және «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттіліктері бойынша елордалық білім беру ұйымдарынан 43 оқушы бақ сынады.

Қалалық кезеңге жолдама алған білім беру ұйымдары:

💻 «Веб-дизайн» құзыреттілігі бойынша:
№84 мектеп-лицейі; №113 жалпы орта білім беру мектебі; Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі; №75 мектеп-гимназиясы; №110 жалпы орта білім беру мектебі; №26 мектеп-гимназиясы; №90 гимназия; №98 мектеп-лицейі; №97 мектеп-гимназиясы; Skillset Schools.

🎨 «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша:
№93 мектеп-лицейі; Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі; №75 мектеп-гимназиясы; №111 жалпы орта білім беру мектебі; №21 жалпы орта білім беру мектебі; №112 жалпы орта білім беру мектебі; №54 мектеп-лицейі; №41 жалпы орта білім беру мектебі; Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі.

⚡ «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша:
№75 мектеп-гимназиясы; №71 мектеп-лицейі; Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі; №112 жалпы орта білім беру мектебі; Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі; Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі.

Қалалық кезеңге жолдама алған барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы сайыста сәттілік, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

https://www.instagram.com/reel/DXZfO6lDB1-/?utm_source=ig_web_copy_link&exln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==