📚 25-28 наурыз күндері Талдықорған қаласы №30 орта мектеп базасында
«Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер: оқушылардың мотивациясы мен белсенділігін арттыруға арналған цифрлық ресурстар мен әдістер» тақырыбында екі күндік 🎓 Республикалық оқыту семинары өтті.
📅 25-28 наурыз күндері 📅
📍 Талдықорған қаласы, №30 орта мектеп базасында 💡 инновациялық тәсілдерге арналған семинар өтті.
🎯 Семинардың мақсаты:
Ағылшын тілі сабағында заманауи 💻 цифрлық ресурстар мен әдістерді тиімді пайдалану;
Мұғалімдердің 📚 кәсіби құзыреттілігін арттыру;
Оқу үдерісіне 🚀 инновациялық әдістерді енгізу.
👥 Семинарды-тренингті жүргізгендер:
👩🏫 Ms. Loveth Tokunbo Fakunle ,
👨🏫 М.К. Жандилдинов ,
👩🏫 А. Қайрбек ,
👩🏫 Э.Д. Естибаева ,
👩🏫 С.Ә. Әлімғазина ,
👩🏫 А.К. Естыбаева .
💬 Олар цифрлық ресурстар мен инновациялық әдістердің оқушылардың оқу үдерісіне 🌟 қызығушылығын арттыра отырып, белсенділігін жоғарылататыны туралы айтты.
💎 Әрбір қатысушы мұғалім үшін бұл – кәсіби дамуға серпін беретін құнды тәжірибе болды.
🎓 Республикалық семинарға елорданың білім беру ұйымдарының ағылшын пәні мұғалімдері де қатысты.
🏆 Семинар аясында ағылшын тілі пәнінен республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасы өткізілді.
🥉 Астана қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM school мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні ұстазы, педагогика ғылымдарының магистрі Дариева Сабира Сериковна III орынды иеленді.
📈 Осындай семинарлар педагогтердің білімін шыңдап қана қоймай, тәжірибесін де кеңейтеді.







