2022 жылдың 10 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңін №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде өткізді.
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайға ие болған 37 жалпы білім беру мекемесінен 43 оқушы қатысты.
Олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінің нәтижесі:
І орын: 2 (№5, БИЛ қыз);
ІІ орын: 6 (№№9, 47, БИЛ ұл, БИЛ қыз, BINOM А.Байтұрсынұлы, “Столичная” Садвакасова Х.Ж);
ІІІ орын: 12 (№№3, 31, 30, 68, 59, 60, 46, Экономикалық лицей, БИЛұл, БИЛқыз, Quantum STEM Shcool);
Грамота: 9 (№№53, 71, 27, 60, 11, 85, 3, 35, 82).
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!





