Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Шекарасыз өмір» республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады:
“Сәндік-қолданбалы өнер” категориясы:
I орын – Жаңабай Жасұлан – №65 МГ;
«Компьютерді дамыту, робототехника» категориясы:
I орын– Зеленая Раиса – №44 ОМ;
“Вокалдық орындау” категориясы:
II орын – Саиткамал Алдияр – №84 МЛ;
“Техникалық өнертабыс” категориясы:
IІ орын – Адильбеков Алинур – №85 МЛ.
Балаларға дипломдар, ал ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді. Баланың шынайы қуанышы мен ата-ананың баласы үшін марқайған сәтін көру – бір ғанибет, өйткені бұл жеңіс – олардың бірлескен еңбегінің жемісі!
Ата-аналар өздерінің сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, қиындықтарға мойымаған ерік-жігерімен баласының шығармашылық қабілеттерін дамытып, мүмкіндіктеріне жол ашты!
“Астана дарыны” орталығы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тағы бір мәрте құттықтайды!
Жеңістер мен қуаныштар көп болып, білім жолы жаңа жетістіктерге жетелесін!