2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында Fibonacci Eurasia Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасы өтуде. Беделді жарыста Қазақстан атынан 170-тен астам оқушы мен жаттықтырушы ел намысын қорғауда. Биылғы олимпиадаға Қазақстанмен қатар Түркия, Әзербайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және басқа да елдердің командалары қатысып, робототехника мен инженерлік бағыттағы өз білімдері мен дағдыларын сынауда. Қазақстан ұлттық құрамасы 84 командадан құралған және қатысушылар саны бойынша ең ірі делегациялардың бірі болып отыр. Бұл — елімізде робототехника мен инженерлік білімнің қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Жарыс қорытындысы бойынша әр санаттағы үздік бес команда Италияда өтетін әлемдік финалға жолдама алады. Қазақстандық жас өнертапқыштар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік, жоғары нәтиже және жарқын жеңістер тілейміз! Еліміздің көк байрағын халықаралық аренада асқақтата беріңіздер!