«KERUEN SCIENCE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында 7–8 сынып оқушыларына арналған химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасының теориялық кезеңі аяқталып, практикалық тур басталды. Қатысушылар зертханалық тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, ғылыми ойлау қабілеттері мен зерттеу дағдыларын сынауда. Олимпиаданың практикалық кезеңі №102 жалпы орта білім беретін мектеп пен Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтуде. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас дарындар үздік нәтиже көрсетуге және өз білімдерін дәлелдеуге ұмтылуда. «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасы оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыруға бағытталған маңызды зияткерлік алаң болып табылады. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DXYgCMUjPsD/?utm_source=ig_web_copy_link&vrfl=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==