МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
2026 жылғы 15–23 сәуір аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында химия пәні бойынша 60-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы (IMChO-2026) өтті. Әлемнің үздік жас химиктері бас қосқан беделді зияткерлік додаға Қазақстан құрамасы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Елордалық оқушыларымыз халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды:
Қалдыбай Мендіғали (Spectrum IS) — күміс медаль;
Жақсылықов Аңсар (Spectrum IS) — күміс медаль;
Ибраимов Әбдіжан (NURORDA мектеп-лицейі) — қола медаль.
Халықаралық Менделеев олимпиадасы — химия пәні бойынша әлемдегі ең күрделі әрі беделді зияткерлік жарыстардың бірі. Бұл дода оқушылардың терең білімін, ғылыми ойлау қабілетін және жоғары дайындық деңгейін сынайды.
Жас дарындарымыздың жетістігі — еліміздің білім саласындағы зор мақтанышы. Жүлдегерлерімізді және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы білім додаларында толағай табыстар тілейміз!