Астана оқушылары республикалық шет тілдері олимпиадасында 10 медаль жеңіп алды!

2026 жылғы 17–21 сәуір аралығында Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 10–11(12)-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша шет тілдерінен білім бәйгесі өтті.

Астана қаласының атынан қатысқан 12 дарынды оқушы білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, 4 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Ағылшын тілі пәні бойынша:

  • ІІ орын – Әрінхан Айша, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • ІІІ орын – Мамлин Сардар, «Canadian International School» мектебінің 11-сынып оқушысы.

Француз тілі пәні бойынша:

  • І орын – Шиябиден Ясмин, №17 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
  • І орын – Ким Артём, №91 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
  • ІІ орын – Бағдат Баянсұлу, Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • ІІІ орын – Қайырбек Тимур, №98 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Неміс тілі пәні бойынша:

  • І орын – Сафарова Эвелина, №46 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
  • І орын – Тыль София, №46 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
  • ІІ орын – Мустафин Амир, №46 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
  • ІІ орын – Ахмет Әділхан, №46 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Астана қаласының оқушыларын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Білім жолындағы жетістіктері артып, алдағы сайыстарда биік белестерді бағындыра берсін!

https://www.instagram.com/reel/DXY2ZktDOS8/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==