2026 жылғы 20 сәуірде Астана қаласында 7–8-сынып оқушыларына арналған химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасының I кезеңі өтті.
Олимпиада №102 жалпы орта білім беретін мектептің базасында ұйымдастырылып, жас зияткерлер химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынап, өздерінің ғылыми әлеуеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: теориялық және практикалық турлар.
Жас ғалымдарға сәттілік тілейміз! Білім мен ізденіс жолындағы еңбектеріңіз жарқын жетістіктерге жетелесін!