Ертең, 28 қарашада Астанада NXplorers: Ozgeris Lab 2025 республикалық ғылыми-танымал фестивалі өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен келген оқушылар, педагогтар, тәлімгерлер, эко-көшбасшылар және білім беру экожүйесінің өкілдері қатысады.
?Фестиваль Shell NXplorers халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның негізгі идеясы – «Ойдан өзгеріске / От мышления к изменениям / From Thought to Change», яғни жүйелік ойлау арқылы идеяны нақты іс-әрекетке айналдыру.
?Фестиваль аясында қатысушыларға жүйелерді талдау, салдарларды зерттеу, экология мен қоғам үшін шешімдер жасау дағдылары үйретілетін ашық зертхана форматында бағдарлама ұсынылады. Бағдарламада интерактивті дәрістер, NX Thinking құралдарын көрсету, білім беру практикумдары, зерттеу іс-әрекеттері, сондай-ақ оқушылардың экологиялық жобаларына арналған «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» конкурсының финалы қамтылған.
?️Іс-шарада сарапшылар мен фасилитаторлар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, тұрақты даму бастамаларының көшбасшылары баяндамалар жасайды. Қатысушылар зерттеу аймақтары, воркшоптар, NX Tools Showcase көрсетілімдері, оқушыларға арналған ғылыми белсенділіктер және PlayLab бағдарламасымен танысады. PlayLab Telegram-бот арқылы геймификацияланған форматта өтеді.
?Фестиваль «Ozgeris бізден басталады / Future Pulse» қорытынды рәсімі арқылы аяқталады: қонақтар бейне-дайджест тамашалап, 2025 жылдың үздік NX-жобаларын марапаттайды. Ең маңызды сәттің бірі — бес жеңімпаз командаға өз жобаларын жүзеге асыруға берілетін 1 000 000 теңгелік гранттарды табыстау рәсімі.
?Іс-шараны ұйымдастырушылар: Shell Қазақстан және «Дарын» РҒПО қолдауымен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры.
?Фестиваль өтетін орны: Астана, Мәңгілік Ел 55/23, Expo алаңы.
https://www.instagram.com/reel/DRkAbAkjqKC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==