«JasSkills Astana-2026»: «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті

2026 жылғы 20 сәуірде №105 жалпы орта білім беретін мектептің базасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы елордалық білім беру ұйымдарының 8–9-сынып оқушылары арасында «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңін өткізді.

Іріктеу кезеңіне елордалық білім беру ұйымдарынан 12 команда, яғни 24 оқушы қатысты. Қатысушылар өздерінің техникалық білімдерін, инженерлік ойлау қабілеттерін және робототехника саласындағы дағдыларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпионаттың қалалық кезеңіне келесі білім беру ұйымдарының командалары жолдама алды: Skillset мектебі, №50 мектеп-лицей, №115 жалпы орта білім беретін мектеп, №59 мектеп-лицей, №22 мектеп-гимназия, №62 мектеп-лицей, №105 жалпы орта білім беретін мектеп және Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM School.

Іріктеуден сүрінбей өтіп, қалалық кезеңге жолдама алған барлық команданы құттықтаймыз! Алдағы кезеңде сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DXWkMU8jKKr/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==