🏆 IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысының қорытындысы


Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлескен IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысын «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы №5 «Ақбота» балабақшасында 2025 жылдың 14 наурыз күні өткізді.

🎉 Ұлттық ойын жарысына аудандық кезеңде І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жүлдегерлер қатысты.
Алты аудан бойынша іріктелген мықты ойыншылар арасында тартымды сайыс болды.

🌍 Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың төрелік етуімен IV «Бестемше» ұлттық ойын жарысы жеті айналымда олимпиадалық және швейцар жүйесімен бағаланды.


🏅 IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

  • Бас жүлде: 🥇 1 (№83 «Жансая» б/б);
  • І орын: 🥈 2 (№84 «Кәусар», №44 «Үркер» б/б);
  • ІІ орын: 🥈 4 (№21 «Гүлдер» б/б, №69 «Еркем-Ай» б/б, №66 «Толағай» б/б, №5 «Ақбота» б/б);
  • ІІІ орын: 🥉 6 (№37 «Арман» б/б, №15 «Дарын» б/б, №82 «Айару» б/б, №25 «Таңшолпан», №65 «Бал бала» б/б, №17 «Ер Төстік» б/б);
  • Грамота: 📜 16 (№49 «Алтынай» б/б, №79 «Шабыт» б/б, №38 «Шаттық» б/б, №67 «Шұғыла» б/б, №87 «Қадыр» б/б, №75 «Балалық шақ» б/б, №56 «Береке» б/б, №61 “Шолпан” б/б, №6 «Көктем» б/б, №94 «Сұңқар» б/б, №18 «Аяжан» б/б, №16 «Шағала» б/б, №86 «Зияткер» б/б, №48 «Ақ көгершін» б/б, №70 «Құлыншақ» б/б, №92 «Жауқазын» б/б).

🎖️ Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және медаль, Бас жүлде иегеріне «Астана дарыны» орталығының кубогі, ерекше жетістігін ескере отырып грамоталар табысталды.


🚀 IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысының Бас жүлде, І, ІІ орын иегерлері мамыр айында ұйымдастырылатын Солтүстік өңірлері бойынша «Бестемше» ұлттық ойыны жарысына қатысады.

https://www.instagram.com/p/DHNyF5Xt6y8