🎲 Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңі

🎲 Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңі

📅 Өткізілген күні: 13 наурыз 2025 жыл
📍 Өткізілген орны: «Астана дарыны» орталығының базасы

🌟 Байқау туралы:
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институтының» 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқау мектепке дейінгі балаларды ұлттық ойындарға қызықтыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

👥 Қатысушылар:
Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың ортаңғы топ, ересек топ және мектепалды даярлық топтарынан барлығы 20 балабақшаның 180 тәрбиеленушісі қатысты.

🏆 Жүлдегерлер:
Мектепалды даярлық топ бойынша (18 қатысушы):

І орын: №67 «Шұғыла» балабақшасы

ІІ орын: №20 «Арайлым» балабақшасы, №11 «Гауһар» балабақшасы

ІІІ орын: №49 «Алтынай» балабақшасы, №77 «Қошақан» балабақшасы

Грамота: №65 «Бал бала» балабақшасы, №78 «Асыл» балабақшасы

Ересек топ бойынша (11 қатысушы):

І орын: №87 «Қадыр» балабақшасы

ІІ орын: №20 «Арайлым» балабақшасы

ІІІ орын: №36 «Балапан» балабақшасы

Грамота: №11 «Гауһар» балабақшасы, №78 «Асыл» балабақшасы

Ортаңғы топ бойынша (8 қатысушы):

І орын: №49 «Алтынай» балабақшасы

ІІ орын: №65 «Бал бала» балабақшасы

ІІІ орын: №20 «Арайлым» балабақшасы

Грамота: №83 «Жансая» балабақшасы, №11 «Гауһар» балабақшасы, №87 «Қадыр» балабақшасы

🚀 Республикалық кезеңге қатысатындар:
Қалалық кезеңде І орын алған балабақшалар:

№67 «Шұғыла» балабақшасы (мектепалды даярлық топ),

№87 «Қадыр» балабақшасы (ересек топ),

№49 «Алтынай» балабақшасы (ортаңғы топ).

🌟 Республикалық кезеңге қатысатын барлық топтарға сәттілік тілейміз! 🎲