Астана қаласында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі 2026 жылғы 1 сәуірде балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты – балаларды мектепке даярлау аясында олардың танымдық қабілеттерін анықтау, дамыту және интеллектуалдық іс-әрекетке қызығушылығын арттыру.
Ережеге сәйкес олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Аудандық кезең келесі балабақшаларда ұйымдастырылады:
– №83 «Жансая» балабақшасы – Алматы, Есіл, Нұра аудандары бойынша
– №69 «Еркем-Ай» балабақшасы – Сарыарқа, Сарайшық, Байқоңыр аудандары бойынша
– №54 «Нұр-Ай» балабақшасы – орыс тіліндегі барлық аудандардың қатысушылары үшін
Қатысушыларды тіркеу: 08:00–08:45
Басталуы: 09:00
Қатысушыларға сәттілік тілейміз.
https://www.instagram.com/p/DWi0AGljBNE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
