Химия және география пәндерінен республикалық олимпиада қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 27 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматы қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада аясында химия және география пәндері бойынша білім сайысы өтті.

Астана қаласынан қатысқан 18 дарынды оқушы (оның ішінде химия пәнінен – 11, география пәнінен – 7) жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 13 жүлделі орынға ие болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Химия пәні бойынша: 3 алтын, 4 күміс, 1 қола
Алтын медаль иегерлері: Ибраимов Абдижан («NURORDA» МЛ), Жақсылықов Ансар, Қалдыбай Меңдіғали (Spectrum IS)
Күміс медаль иегерлері: Курганов Мансур, Балтекен Арман (БИЛ ұлдар), Нұрлан Гаухар (БИЛ қыздар), Асқарбек Біржан («NURORDA» МЛ)
Қола медаль: Балғабай Алдияр (RIVIERA IS)

География пәні бойынша: 2 күміс, 3 қола
Күміс медаль иегерлері: Асылбеков Дамир (БИЛ ұлдар), Ашигалиева Румия (БИЛ қыздар)
Қола медаль иегерлері: Мухтарханова Сара (БИЛ қыздар), Даулетов Арсен (RIVIERA IS), Серік Санжар (№9 «Зерде» МЛ)

Жалпыкомандалық есеп нәтижесінде астаналық оқушылар үздіктер қатарынан көрініп, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясына ие болды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/DWmBe-kjLKO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==