2026 жылғы 2 сәуірде Астана қаласында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5–8 сынып оқушылары арасында «ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектеп-лицейі базасында өткен байқауға 199 оқушы қатысып, «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», «Таза қала сізден басталады», «Туған өлке табиғаты» және «Үздік экологиялық бастама» секциялары бойынша экологиялық жобаларын қорғады.
«ProEco» конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алған оқушылар:
- «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» секциясы бойынша – Абдимади Диас, BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы
- «Таза қала сізден басталады» секциясы бойынша – Болат Айсұлтан, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 5-сынып оқушысы
- «Туған өлке табиғаты» секциясы бойынша – Нұрлан Кәусар, №101 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы
- «Үздік экологиялық бастама» секциясы бойынша – Айтбай Нұрдаулет, Сералы Томирис, №38 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары
Жеңімпаздарға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.
https://www.instagram.com/reel/DWoT8vPDLwc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==