«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасында «Бес кеней» қалалық ұлттық ойыны жарысын 2025 жылдың сәуір айының 22-сі күні №70 «Құлыншақ» балабақшасында өткізді.
Жарысқа 6 аудан бойынша барлығы 85 ойыншының арасынан І,ІІ орынға ие болған 26 жүлдегер (13 ер бала/ 13 қыз бала) қатысты.
Бүлдіршіндердің қол икемділігіне, шапшаңдығына, зеректігіне негізделген
ер балалар «Бес атар», «Қалашық», ал қыз балалар «Шертпек» және «Зерек» ойындарынан сайысқа түсті.
І «Бес кеней» қалалық ұлттық ойын жарысына қатысқан 26 тәрбиеленушінің 12-сі жеңімпаз–жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ер бала ойыншылары арасында 5 жүлдегер, 1 жеңімпаз:
І орын -1 (№33 «Алтын дән» б/б)
ІІ орын – 2 (№76 «Әдемі» б/б, №70 «Құлыншақ» б/б)
ІІІ орын – 3 (№65 «Бал бала» б/б, №67 «Шұғыла» б/б, №66 «Толағай» б/б)
Грамота – 7 (№79 «Шабыт» б/б, №73 «Аяулым» б/б, №40 «Құлпынай» б/б, №82 «Айару» б/б, №23 «Алтын бесік» б/б, №94 «Сұңқар» б/б,№89 «Қыз жібек» б/б)
Қыз бала ойыншылары арасында 5 жүлдегер, 1 жеңімпаз:
І орын – 1 (№70 «Құлыншақ» б/б)
ІІ орын – 2 (№8 «Думан» б/б, №89 «Қыз жібек» б/б)
ІІІ орын – 3 (№79 «Шабыт» б/б, №78 «Асыл» б/б, №71 «Мөлдір» б/б)
Грамота – 7 (№33 «Алтын дән» б/б, №5 «Ақбота» б/б, №30 «Қайнар» б/б, №87 «Қадыр» б/б, №94 «Сұңқар» б/б, №97 «Сәби әлемі» б/б, №66 «Толағай» б/б).
І «Бес кеней» қалалық ұлттық ойыны жарысының алғашқы жеңімпаз, жүлдегерлерін, ата-ана мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз .
Ұлттық ойын жарысын ұйымдастыруға қосқан ерекше үлесі үшін №70 «Құлыншақ» балабақшасының ұжымына (меңгерушісі А.Н.Домова) алғыс білдіреміз.








