«Балалар Таза Қазақстан үшін» экологиялық фестиваліне қатысушылар марапатталды

2025 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Астана қаласындағы №77 мектеп-гимназиясының базасында  «Балалар Таза Қазақстан үшін» экологиялық фестивалін өткізді.

«Таза Қазақстан» экофестивалі аясындағы шара барысында  қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту шараларына белсене қатысып жүрген мектеп оқушылары марапатталды.

Олар қоқыс өңдеу, Есіл өзенін тазалап, сақтау  және табиғат тазалығы бойынша экологиялық жобалармен жұмыс жасап жүрген жас дарындар.

Астаналық оқушылар Камила Қышқашбаева (БИЛ қыздар), Сейтахмет Айғаным (№82 «Дарын» МЛ), Ғұмырбек Амина (№38 МЛ),  Ермекұлы Нұрбақыт, Шаяхмет Айзат (№40 ОМ),  Муратова Айзада (№ 60 МЛ), Сарсенова Сымбат (79 МЛ) экофестиваль аясындағы көрмеге қатысып, өз жобаларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырған болатын.