2025 жылдың 22 сәуірінде №99 орта мектепте «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мектеп директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Ғылымға жол: жас өнертапқыштардың зерттеулері мен жобалары» семинарын өткізді.
Іс-шараға 50 астам педагог қатысты.
Семинар оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамытуға бағытталды.
Семинар барысында спикерлер: ЕҰУ химия кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Тосмаганбетова К.С., А.Құсайынов атындағы ЕАГИ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Дәуренбекова Л.Н., Dyslexic Home School директоры Отарбаева Л.Л., білім беру ұйымдары басшыларының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары: Накаткова О.И., Тулегенова Н.Ж., Касиенова Д.К., сонымен қатар «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскерлері: Баяхметова К.Е., Рысмагамбетова Ж.Ж., Есімхан Р., Нурбаева А.Т., Садвакасова А.Д. тәлімгерлік тәжірибелермен, табысты оқушылық жобалармен бөлісіп, жас зерттеушілер мен өнертапқыштарды қолдау тетіктерін талқылады.
Семинар шеңберінде педагогтің ғылымға қызығушылықты қалыптастырудағы рөлі, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ әдістемелік және ақпараттық қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға және мектеп оқушыларының ғылыми әлеуетін дамыту бойынша тиімді шешімдерді қарастыруға мүмкіндік берді.
