2025 жылдың 21-25 сәуір күндері аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 10–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты – шет тілдер пәндерінен білім бәйгесі өтті.
Астана қаласының 14 оқушыдан құралған командасы олимпиада қорытындысы бойынша 6 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
Ағылшын тілі пәні : 2 алтын, 2 қола қола медаль:
Алтын медаль- Талғат Діннияз (№7 МГ), Мамлин Сардар (Canadian International School);
Қола медаль- Мұратбай Амина («Мирас» ХМ), Саятұлы Бахтияр (БИЛ ұлдар).
Француз тілі пәні: 1 алтын, 3 қола медаль:
Алтын медаль– Шиябиден Ясмин (№17 МГ);
Қола медаль–Андреева Нұргүл (№92 МЛ), Киманов Нұрахмет (Canadian IS),
Сейтбаттал Әбілмансұр (№103 ОМ)
Неміс тілі пәні бойынша: 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль:
Алтын медаль– Югай Владислав, Әбжаппарова Бибігүл, Тыль Софья, (№46 МГ);
Күміс медаль – Ахмет Әділхан (№46 МГ);
Қола медаль – Сеилхан Мирас (№46 МГ).
ҚГБ бойынша бұл керемет нәтиже – елорда оқушыларының терең білімі мен жеңіске деген құлшынысының дәлелі!
Астана командасын лайықты жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!




