«Ғылымдағы дебют» қалалық ғылыми жобалар конкурсы өтті

12 сәуір – елімізде Ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 11 сәуірде «Ғылымдағы дебют» қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді.

Жас дарындардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған конкурс мектеп оқушыларының IV халықаралық ғылыми форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ұйымдастырылды.

Байқауға Астана қаласындағы білім беру мекемелерінің 8–11 сынып оқушылары қатысып, келесі номинациялар бойынша ғылыми жобаларын қорғады:
• «Су – энергия және физикалық үдерістер көзі»
• «Су, экология және адам денсаулығы»
• «Су сәулет пен құрылыс саласында»
• «Су: камера көзімен» бейнероликтер конкурсы (онлайн)

Конкурсқа 55 жобамен 79 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 41:
🥇 І орын – 7
🥈 ІІ орын – 13
🥉 ІІІ орын – 21
⭐ Грамота – 7

Нәтижелер:

«Су – энергия және физикалық үдерістер көзі»
• 17 жоба, 24 оқушы

«Су, экология және адам денсаулығы»
• 18 жоба, 25 оқушы

«Су сәулет пен құрылыс саласында»
• 11 жоба, 18 оқушы

«Су: камера көзімен» (онлайн)
• 9 жоба, 12 оқушы

Конкурс жас зерттеушілердің ғылыми ойлауын дамытуға, шығармашылық ізденісін арттыруға және болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыруға бағытталды.

https://www.instagram.com/p/DXBa3oDjA-_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==