«Менің алғашқы тәжірибем» қалалық байқауының қорытындысы шықты

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Менің алғашқы тәжірибем» қалалық байқауы 2026 жылдың 15 сәуірі күні онлайн форматта өтті.

Байқаудың мақсаты – зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту және зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.

Ережеге сәйкес байқауға 22 балабақшадан барлығы 38 тәрбиеленуші қатысты. Оның ішінде ересек топ бойынша – 10, мектепалды даярлық тобы бойынша – 12 қатысушы бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды.

Ересек топ бойынша:
І орын – №7 «Аққу» балабақшасы;
ІІ орын – №38 «Шаттық» балабақшасы;
ІІІ орын – №72 «Жанарым» балабақшасы;
Грамота – №39 «Меруерт» балабақшасы.

Мектепалды даярлық топ бойынша:
І орын – №36 «Балапан» балабақшасы;
ІІ орын – №54 «Нұр-ай» балабақшасы;
ІІІ орын – №69 «Еркем-ай» балабақшасы, №32 «Балдәурен» балабақшасы, №20 «Арайлым» балабақшасы;
Грамота – №70 «Құлыншақ» балабақшасы, №44 «Үркер» балабақшасы.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік байқауына ересек топтан №7 «Аққу» балабақшасының тәрбиеленушілері және мектепалды даярлық топтан №36 «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері жолдама алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен грамоталарды Jetistik.kz сайтынан қатысушының ЖСН нөмірі арқылы жүктеп алуға болады. Құжаттардың түпнұсқалығы QR-код арқылы расталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Республикалық кезеңге жолдама алған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DXMee9VDNTF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==