«JasSkills Astana-2026» чемпионатының «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылдың 15 сәуір күні Технология колледжінде елордалық білім беру мекемелерінің 8–9 сынып оқушылары арасында «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңін өткізді.

Аталған құзыреттілік бойынша елордалық білім беру мекемелерінен 11 оқушы қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша чемпионаттың қалалық кезеңіне төмендегі мектептер жолдама алды:

– №54 мектеп-лицейі;
– №60 мектеп-лицейі;
– №86 мектеп-гимназиясы;
– Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM School мектеп-лицейі;
– №75 мектеп-гимназиясы;
– №111 жалпы орта білім беретін мектебі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DXKUv8DDGNY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==