ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕУРОПАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА АТТАНДЫ

2026 жылғы 23–29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет Еуропалық математикалық олимпиада (European Mathematical Olympiad – EMO) өтеді. Олимпиаданың басты мақсаты — Еуропа елдері арасындағы математикалық олимпиада қозғалысын дамыту, жас дарындарды қолдау және оларды Халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) жоғары деңгейде даярлау. Алғашқы олимпиадаға 19 елден 21 команда құрамында 126 оқушы қатысады. Қазақстан бұл халықаралық зияткерлік додаға қонақ-мемлекет ретінде қатысады. Қазақстан құрамасының мүшелері: Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы; Эльдар Усенов — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы; Ілияс Ашкен — Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; Ануар Ағыбаев — Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы; Эрик Лим — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы; Ерасыл Алтынбек — Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы. Құрама жетекшілері — Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Ярослав Гальберг және Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Асхат Абдыкулов. Қазақстан құрамасына халықаралық аренада сәттілік, жоғары нәтиже және жаңа жетістіктер тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DXd9XTnDbXW/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==