«ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтеді

2026 жылғы 2 сәуірде Астана қаласында Астана қаласы әкімдігінің «Астана-дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы республикалық «ProEco» конкурсының қалалық кезеңін өткізеді.

Конкурс Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM School мектеп-лицейі базасында өтеді. Қалалық кезеңге елордадағы білім беру ұйымдарынан 223 жобамен 241 оқушы қатысады.

5–8 сынып оқушылары арасындағы конкурс келесі 4 бағыт бойынша ұйымдастырылады:
– «Туған өлке табиғаты»
– «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем»
– «Үздік экологиялық бастама»
– «Таза қала сізден басталады»

Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

https://www.instagram.com/p/DWi0zxIjKu7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==