“Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының “Qabilet” кәсіби бағдар беру қызметі ағымдағы жылғы 17-21 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында “KIDS EXPO Балалар әлемі” балалар тауарларының жәрмеңкесіне қатысады.
Іс-шара Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен “QazExpoCongress “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Жәрмеңкеде: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (Ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және т.б. бағыттар бойынша қамтылған.
Жұмыстың негізгі мақсаты-ата-аналарды, оқушыларды қызмет барысы туралы ақпараттандыру, балаларды диагностикалау және олардың кәсіби бағыттылығы мен қабілеттерін анықтау бойынша жедел кеңес беру!



