2026 жылғы 11 сәуірде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен New Generation School Astana мектебінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі бойынша «SAT English Challenge» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша қалалық финалға 6–11 сыныптардан 300 оқушы жолдама алды. Қатысушылар үш лигада бақ сынады: LEAGUE A, LEAGUE B және LEAGUE C, әр лигада 100 үздік оқушы қатысты.
Финал барысында қатысушылар берілген мәтіндерді терең талдап, авторлық ұстанымды, дәлелдер мен риторикалық тәсілдерді анықтады. Сонымен қатар өз ойларын эссе және қысқа ауызша баяндама арқылы жеткізіп, сыни ойлау мен академиялық дағдыларын көрсетті.
Бұл кезең оқушылардың халықаралық деңгейдегі білімге дайындығын, ойды жүйелі жеткізу қабілетін және көшбасшылық әлеуетін айқындады.
Барлық қатысушыларға жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DW_2dOHjM-1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
