Қалалық «Бала Абай» байқауы өтеді

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, 2026 жылдың 18 сәуір күні 2–4 сынып оқушылары арасында қалалық «Бала Абай» байқауын өткізеді.

Ауқымды мәдени-танымдық шараның басты мақсаты – Абай Құнанбайұлы мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу, ақын шығармаларын сүйіп оқуға баулу және оның балалық шағы арқылы рухани құндылықтарды насихаттау.

Байқауға елорда мектептерінің 2–4 сынып оқушылары қатысады. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылады:

– 2-сынып оқушылары үшін – «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» атты шешендік өнер сайысы;
– 3-сынып оқушылары үшін – «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» атты Абай аудармаларын жатқа айту сайысы;
– 4-сынып оқушылары үшін – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.

Іс-шара Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өтеді.

Тіркеу уақыты: 08:00–08:45
Байқаудың басталуы: 09:00

Қалалық «Бала Абай» байқауы – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыратын маңызды алаң.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DXMChpSjJME/?utm_source=ig_web_copy_link