«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып, 2026 жылдың 17 сәуірінде 5–6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.
Мұндай білім додалары болашақ ғалымдардың, инженерлердің және жаңашыл ойлайтын тұлғалардың қалыптасуына үлкен негіз қалайды. Олимпиада жас қатысушыларға өз білімдерін сынап қана қоймай, күрделі тапсырмалар арқылы ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қатысушылар өздерінің математикалық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді.
Өтетін орны:
№108 жалпы орта білім беру мектебі (Е 117 көшесі, 40А)
Тіркелу уақыты: 09:00
Олимпиаданың басталуы: 10:00
Қатысушылар тізімі https://altynsaqa.online/my порталында жарияланған.
Жас математиктерге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DXLbSqEjIoi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
