«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ТӘЖІРИБЕМ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың «Менің алғашқы тәжірибем» қалалық байқауы 2026 жылдың 15 сәуір күні онлайн форматта өтеді.

Байқаудың мақсаты – зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға жағдай жасау.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларын таныстырады.

Байқау қорытындысы 15 сәуір күні «Астана дарыны» ДБмТЖАжҚО-ның Telegram арнасында жарияланады.

https://www.instagram.com/p/DXHzkLlDFiS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==