2026 жылдың 15–20 сәуір аралығында Түркияның Токат қаласында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мангала» халықаралық зияткерлік ойыны бойынша этноолимпиада өтеді.
Аталған халықаралық додаға Астана қаласының намысын келесі тәрбиеленушілер қорғайды:
– Салибаев Мансур — №67 «Шұғыла» балабақшасы;
– Сапарғали Бексұлтан — №66 «Толағай» балабақшасы;
– Азаматқызы Айасыл — №69 «Еркем-ай» балабақшасы;
– Қали Айлин — №69 «Еркем-ай» балабақшасы;
– Серікбай Арнұр — №37 «Арман» балабақшасы.
Жас қатысушыларға сәттілік тілейміз! Елорда абыройын асқақтатып, жарқын жеңістермен оралады деп сенеміз.
https://www.instagram.com/p/DXJxYe1jDZC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
