Елордалық оқушылар Хьюстонда өтетін  робототехникадан әлем чемпионатына  қатысады

      Ағымдағы жылдың   23-25 ақпан күндері аралығында Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтті. Оған 5 елден 3000- нан астам оқушы қатысты. Қазақстандағы және одан да тыс жерлердегі іріктеу чемпионаттары кезінде квота алған 200 команда «үздік» атағын сарапқа салды.

        Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынасты: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

        Чемпионатта робот ойындарынан бөлек инновациялық жобалар байқауы мен қазылар алқасының отырыстары ұйымдастырылды.

          Қазақстанда алғаш рет өткізілген ауқымды чемпионатта Астана оқушылары да жоғары нәтижеге қол жеткізді.

          FLL Challenge (10 – 16 жас ) санаты бойынша I орынға дарынды қыз балаларға арналған «Білім – Инновация» лицейінің «Stay Hydrated» командасы ие болса,  FLL Explore (6-10 жас) санаты бойынша Quantum STEM School  мектебінің «IQRobots» командасы Хьюстонға жолдама ұтып алды. Сонымен қатар «Dean’s list» үздік мектеп оқушыларының жаһандық рейтингі бойынша Хьюстонға жеке шақыруды елордалық «Quant» командасынан Айша Алмат  еншіледі.

Жеңімпаздарымызды  құттықтай отырып, әлем чемпионатында жеңіс тілейміз!