«Астана дарыны» ДДжПСО 2022 жылғы маусым айында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2022 жылдың маусым айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы 9 іс-шара өткізді, оның ішінде 1 халықаралық, 6 республикалық және 2 қалалық. Аталған іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 345 оқушы қатысып, 87 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 22;

II орын – 25;

III орын – 40.

1 маусым Балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуін ұйымдастыру дәстүрлі үрдіске айналды.

Іс-шараның мақсаты – елордалық дарынды жастарды қолдау және насихаттау, интеллектуалдық дамыту іс-шараларына қатысу мотивациясын қалыптастыру үшін жағдай жасау, көшбасшылық, дарындылық, шығармашылық және патриотизмнің табысты үлгілерін насихаттау.

Кездесуге 2021-2022 оқу жылында Өзбекстан,  Әзірбайжан, Ресей, Румыния, Венгрия, Бразилия, Кипр, Оңтүстік Корея, Катар, Үндістан, Нидерланды, Жапония, Қытай, Америка сияқты елдерде өткізілген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанған елордалық оқушылар қатысты.

Бұл кездесу – халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда өз білімін таныта білген жас дарындардың табысының жемісі.

Жыл сайын елордалық оқушылар командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда командалық бірінші орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болып келеді.

Биыл Нұр-Сұлтан олимпиада құрамасы рекордтық медаль жеңіп алды: 93 жүлде, оның ішінде 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль.

          Ашық пікір алмасу мен ой бөлісу форматында өткен кездесуде жас таланттар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды.

Кездесу барысында оқушылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Астана дарыны» ДДжПСО-ы биылғы Балалар жылы аясында XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлдегер атанған  тәрбиеленушіні марапаттау мерекесін 2022 жылдың 3 маусым күні №95 «Алматы» балабақшасында өтті.
         Қазақ тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:
І орын – 5, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 4;

Орыс тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:
І орын – 3, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 4, барлығы 29 тәрбиеленуші дипломдармен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.

2022 жылғы маусым айының 6-8 күндері аралығында «INFOMATRIX-ASIA-2022» Халықаралық конкурсы Алматы қаласы С.Демирель университетінде өтті.

         Конкурстың мақсаты: ақпараттық технологиялар саласындағы үздік студенттерді біріктіруге бағытталған және кәсіби шеберлікті арттыру. Конкурсқа 28 елден 365 оқушы қатысты.

Конкурс 6 бағыт бойынша өтті:

1. Қысқа метражды фильм;

2. Математикалық жобалар;

3. Компьютерлік робототехника;

4. Компьютерлік бағдарламалау;

5. Көркем жабдық;

6. Басқару жүйесі.

         Халықаралық конкурсқа 5 білім беру мекемесінен (№51 МГ, ер балаларға арналған «Білім инновация лицейі», қыз балаларға арналған «Білім инновация лицейі», «NURORDA» мектеп-лицейі, Spectrum International мектебі) 67 оқушы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша 44 оқушы жеңімпаздар атанды: І орын – 10, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 23.

2022 жылғы маусым айының 6–10 күндері аралығында ХV республикалық математикалық «Бастау» турнирі Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында офлайн режимде өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №66 мектеп-лицейінің және №35 мектеп-лицейінің командалары қатысты.

Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды:

І тур «Әу, баста!» (командалық сынақ);

ІІ тур «Асық» (командалық сынақ);

ІІІ тур «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын және №35 мектеп- лицейінің  командасы жалпыкомандалық ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар марапатталды:

ІІІ орын – Кемал Ақан, №66 мектеп- лицейінің 2-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Биғаріпов Аяділ, №66 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;

ІІІ орынТусупбаев Нуржигит, №66 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Жанатаев Алижан, №35 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;

ІІ орын – Накоскин Владислав №35 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы.

         2022 жылдың 7-8 маусым аралығында Алматы облысы, Қонаев қаласында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» Ш Республикалық зерттеу жүмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті.

         Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыруға арналды.

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:

1. «Тілдердің үштұғырлығы» (қазақ, орыс және ағылшын);

2. «Көркем әдебиет» (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);

3. «Цифрлық ресурстар» (математика, қолданбалы математика);

4. «Біздің планетаның ғажайыптары» (физика, ғарыш, техника);

5. «Адам денсаулығы» (биомедицина, медицина);

6. «Туған жерге тағзым» (өлкетану, дүниетану, этномәдени зерттеулер);

7. «Жаратылыстану ғылымдары» (Химия, биология, жаратылыстану және экология);

8. «Ақпараттық технологиялар» (Информатика, Робототехника);

9. «Ұлыдалын жеті қыры» (тарих, география, өнер);

10. «Әлеуметтік жобалар» (барлық бағытта).

         Конкурстың қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 32 жүлделі орынға ие болды: І орын – 12, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 10,

             Астана дарыны » дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп 2022 жылғы 14-15 маусымда Astana IT University базасында робототехник – оқытушыларға арналған спорттық робототехника (бұдан әрі-ОЖЖ) бойынша қарқынды – оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

             ОЖЖ мақсаты – спорттық робототехника саласында біліктілікті арттыру: теориялық, практикалық білім және эстафета, желі бойынша жарыс, Кегельринг-квадро және биатлон санаттарында жаттықтырушының функционалдық құзыреттілігін арттыру.

             Робототехника ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, онда механика мен жаңа технологиялар проблемалары жасанды интеллект проблемаларымен байланысты.

             Инженерлік робототехника саласында білімі бар мамандар қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие. Осының арқасында робототехниканы бастауыш мектептен бастап, одан әрі білім берудің әрбір сатысында, жоғары оқу орындарын қоса алғанда, оқу процесіне енгізу мәселесі өте өзекті. Сондықтан спорттық робототехника саласындағы біліктілікті арттыру маңыздылығы мен өзектілігін арттыруда.

             Алынған білімді қолдану қалалық және республикалық турнирлерде командалардың нәтижелілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.              Оқытуды «Роботек» робототехника мектебінің лекторлары, робототехникадан Қазақстан құрамасының (WRO, FLL, KazRobotics, Roboland) жаттықтырушылары жүргізді.

         20-30 маусым күндері аралығында Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған интернатта математикадан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталды. 6-16 шілде аралығында Норвегия астанасы – Ослода өтетін Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO) Қазақстанның үздік алты жас математигі еліміздің намысын қорғайтын болады, оның ішінде астаналық оқушы Фетуллах Сам, 11-сынып, Нұр-Сұлтан қ. БИЛ, IMO-2021 күміс жүлдегері.

         2022 жылғы 24 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында республикалық “Мағжан оқулары” ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

         Атаулы іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғаған №85 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Абдимұрат Жұлдыз «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.

         Конкурстық бағдарлама аясында республикалық оқуға қатысқан барлық оқушылар Мағжан ағамыздың кіндік қаны тамған жер-Сарытомар ауылына барып, ақын шығармашылығына арналған мұражай мұрағаттарымен танысты. Сонымен қатар  байқау 25 маусым күні жабылу салтанаты аяқталған соң, қатысушылар Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

         2020 жылы Қазақстанда жаңа ұлттық жоба – «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды, оған 14-29 жас аралығындағы жас және белсенді қазақстандықтар қатысты.

         «Елбасы медалі» – спорт, дарын пен дағды, кітап оқу, ерікті (волонтерлік), ұлттық мұра бағыттары бойынша белгілі бір талаптарды табысты орындағаны үшін жеңімпаздарға берілетін ерекшелік белгісі.
         Бұл жобаның мақсаты – жас дарынды ұлдар мен қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, мақсат қоя білу және оларға қол жеткізу.

         «Елбасы медалі» бағдарламасы бірнеше деңгейден тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір жасқа сәйкес келеді және оның өту кезеңі бар: қола деңгей – 14 жас, 6 ай қатысушылары; күміс деңгей – 15 жас, 12 ай қатысушылары; алтын деңгейі-16 жас, 18 айдан кем емес қатысушылар.

         Жобаның барлық бағыттары бойынша тапсырмаларды табысты орындаған қатысушылар Елбасының алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

         2022 жылы 28 маусымда Елбасы академиясы алтын, күміс және қола деңгейлердегі «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен марапаттау рәсімін өткізді.

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің залында өткен салтанатта ұлттық жобаның елордалық 110 қатысушысы медальмен марапатталды, оның ішінде: алтын деңгей – 7, күміс деңгей – 8 және қола деңгейі – 95.

         Бір ай бойы «Дарын» РҒПО лингвистика (2 қатысушы), биология (1 қатысушы) және химия (1 қатысушы) пәндері бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізді.