«Robotek» робототехника мектебінің елордалық командасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін турнирге аттанды

2022 жылдың 20 – 23 сәуірі аралығында Хьюстонда (АҚШ) жүк көлігі және логистика (Cargo Connect) тақырыбындағы First Lego League Challenge халықаралық робототехника турнирі өтеді.
40-тан астам мемлекет қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 4 командамен өнер көрсетеді, оның бірі елордалық оқушылардан құралған «Champions» командасы.
Бұл Robotek мектебінің командалары соңғы төрт жылда қатысып жатқан үшінші әлем чемпионаты. Оқушылар бес жыл бойы робототехникамен айналысып, робототехникадан түрлі республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары атанып үлгерді.
Биылғы ақпан айында біздің оқушыларымыз Алматы қаласында өткен «First Lego League Challenge» республикалық турнирінде бірінші орын алып, әлем чемпионатына жолдама жеңіп алған болатын.
Нұр-Сұлтан қаласының «Champions» командасы теңіз және қалалық көліктер үшін ақылды көлік логистикасын ұсынатын жобасын мұқият дайындап, дайындап жатыр. Жақында Қазақстан құрамаларының халықаралық турнирге қатысуының нәтижесін көретін боламыз.
Қазақстандық қатысушыларға жеңіс тұғырына ұмтылу жолында сәттілік тілейміз!