«Денсаулық және өмірлік дағдылар» жобасының танастырылымы

«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1 сәуір күні мектеп оқушыларына арналған «Денсаулық және өмірлік дағдылар» курсы жобасын таныстыру бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жаңа жобаның таныстырылымына Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, мектеп директорлары, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарлары, тәжірибелі педагог-психологтер шақырылды.
«Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғ.Тұрсынов дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларымен отырыстың мақсатымен таныстырып, психологтің мектептегі жасөспірімдермен жүйелі жұмысының өзектілігін, психологтердің практикалық дағдыларын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
«Bilim Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен әзірленген «Денсаулық және өмірлік дағдылар» жобасымен қордың атқарушы директоры Ж.А. Досжанова таныстырды.
Жобаның мақсаты: жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын дамыту және мақсатқа ұмтылған, өмірге төзімді және көпшіл жастар қоғамын құру.

Таныстырылымнан кейін қатысушылар өз сұрақтарын қойып, курстың жаңа мүмкіндіктерін талқылады және әрқайсысы өз пікірлерін білдірді.
Білім беруді жаңғырту орталығы «Тұлғаны дамыту және тәрбиелеу» бөлімінің басшысы Г.Е. Бекетаева жобаның балалармен жұмыс жасаудағы өзектілігін атап өтті. Ол осы бағыттағы директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, алдын алу жөніндегі менеджерлер, тәлімгерлер мен психологтердің бірлескен қызметінің маңыздылығын айтты.
Білім беруді жаңғырту орталығы «Инновациялар және ынтымақтастық» бөлімінің әдіскері Р.А. Шаяханова тренингтердің жүйелілігі, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жобаға қатысу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.
№53 мектеп-лицейінің директоры З.Е. Қиянова баланың өмірі мен ментальді денсаулығы мәселелері бүгінгі күні әрбір басшы үшін өзекті мәселелер екенін және «Денсаулық және өмірлік дағдылар» курсы мектеп психологінің жұмысындағы әдістемелік көмектің бірі деген пікір білдірді.
№ 91 мектеп-гимназия директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Г.О. Ахметова мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысында психологтің балалармен өзара әрекеттесуінің маңызды екенін және қазіргі жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеу және қоғамдағы сәтті қарым-қатынасты құру тақырыптарының қамтылғанына тоқталды
Елорда мектептерінің тәжірибелі психологтері А.Р.Жаппашева., К.С.Загипарова., О.А.Абрамова., А.К.Нуриманова., Л.В.Журавлева қазіргі жасөспірімдердің жиі кездесетін мәселелерді, жасөспірімдер, ата-аналар мен педагогтардан түсетін – жасөспірімдердің өз-өзіне күмәндануы, пессимизм, қиындықтарды жеңе алмау, оқшаулану және қызығушылықтың болмауы сияқты өзекті сұраныстарды ортаға салды.
Ж. А. Досжанова жоба аясында білім алушылар түрлі қиын жағдайларда ситуациялық мінез-құлық дағдыларын, салдарын болжау, жауапты шешімдер қабылдау және т. б. дағдыларын дамытуға мүмкіндік алатынын айтты.
Іс-шараның барлық қатысушылары курстың мазмұны мен құрылымымен, технологиясымен, әдістемелік қамтамасыз ету мүмкіндігімен таныса келе, алдағы оқу жылында оқу процесіне ендіруге ұсыныс жасалды.
Талқылауға әркім белсенділік пен қызығушылық танытты, өйткені әркімнің пікірі бойынша проактивті жастарды қазіргі жағдайда қалыптастыру, оқушыларды социумдағы жауапты мінез – құлыққа ынталандыру және өз болашағын таңдау-бұл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бала жылы» аясындағы саясатын қолдаудағы басым міндеттердің бірі.