«Өмірге ИЯ деп айт!» қалалық акция аясында өткен ұйымшылдыққа арналған «Біз біргеміз» атты тренинг

       2022 жылдың 1 наурызында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі К. М. Хамзина Нұр-Сұлтан қаласының №76 мектеп- лицейінде  «Өмірге ИӘ деп айт!» атты қалалық акция аясында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты: топты біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимылды құру.

Тренингке 23 оқушы қатысты.

       Тренингтің әр  жаттығуы рефлексиямен бірге жүрді. Қатысушылар өз көзқарастарын белсенді түрде білдірді, ойларымен ашық бөлісті, өз эмоцияларын шынайы көрсетті, топтық және жеке жетістіктер мен қиындықтарды бірлесіп талқылады. Оқушылар тренингте сабақтың қозғалмалы түрлеріне белсенді қатысты. Сабақтың бұл түрі сенімді және мейірімді атмосфераның тактильді үйлесімділігін білдіру арқасында тренинг мақсатына қол жеткізуге және қатысушылар арасында жағымды эмоциялар алуға қолайлы ықпал етті.

Сабақтың рефлексиясы: Қатысушылардан кері байланыс алынды, сабақтың қорытындысы шығарылды; әрқайсысы өз кезегінде сабақтың  ұнаған,  ұнамаған тұстарын ашып айтып, өз ойларын білдірді.

      Мектеп-лицейінің  психологі мен педагогтары осы ұжым үшін өзара әрекеттесудің жаңа формасының жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін атап өтті.