7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының республикалық аудандық кезеңінің қорытындысы

2-5 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында химия, математика, физика, география, биология, өзін-өзі тану, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.  

Олимпиаданың барлық кезеңдері барынша ашық өтті – тікелей эфирде көрсетілді, оқушылардың жұмыстары мен хаттамалары сол күні сайтқа орналастырылды. 7-8 сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалары бірдей, әр оқушы өз шеберлігі мен қабілетін, мүмкіндігін көрсетіп, өз білімінің көмегімен жүлделі орынға ие болды.

Жасөспірімдер олимпиадасы оқушыға жастайынан барлық қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинақтап, көп нәрсені үйреніп, жоғары сыныптарда әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға сенімді түрде қатысып, жеңіске жетуге көмектеседі.

Жас жеңімпаздар мен жүлдегерлер бұл олимпиададан болашақта өтетін  республикалық және халықаралық маңызы бар ауқымды білім додаларындағы жеңіс жолына алғаш қадам басады.

Жүлделі орын алған мектеп оқушылары олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады. Олимпиаданың өтетін уақыты кейінірек хабарланады.

«Астана Дарыны» ДДжПСО жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған жас жұлдыздарымызды құттықтап, алдағы уақытта да жетістіктерге жетіп, әрқашан алда болуын тілейді. Алда әлі талай жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз!

Ата-аналар мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз!