Елордалық жеке білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу

2021 жылғы 15 қыркүйек күні «Астана дарыны» ДДжПСО бастамасымен SEED EDUCATIONAL COMPLEX базасында елордалық жеке білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өтті.

«Астана дарыны» орталығының директоры Ғ.Қ. Тұрсынов орталықтың бір жылдағы жұмыс қорытындыларымен, рейтингтік олимпиадалар мен конкурстардың тізбесімен таныстырды, келесі оқу жылына арналған жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ жеке мектептер де серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігін тілге тиек етті.

 Кездесуге қатысушылар алдағы уақытта да ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ кездесуге қонақ ретінде «SAMSUNG» мектебі, бағдарламалау бойынша Республикалық олимпиада Astana IT University – «AITU icode», оқушылардың жобаларын менторлық сүйемелдеу, олимпиадаларды дайындаудағы еріктілік және т. б. жұмыстарын жүргізіп жатқан ІТ университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Андрей Александрович Белощицкий мен құзыреттілік және жетілдіру орталығының директоры Сапар Нұрахметұлы Тоқсанов қатысты.

Кездесу соңында қатысушылар отырыстың маңыздылығын және осындай іс-шаралар барысында көптеген проблемалық мәселелерді шешу жолдарын табудың мүмкіндік аясының кеңейетіндігін атап өтті.

 Болашақта жеке білім беру мекемелерінің оқушылары    «Астана дарыны» орталығы өткізетін іс-шараларға белсенді қатысатын болады.