2021 жылғы шілде есебі

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

2021 жылдың шілде айында 7 іс-шара өткізілді, оның ішінде 4 Халықаралық, 1 республикалық және 2 қалалық. Аталған іс-шараларға барлығы Нұр-Сұлтан қаласынан 157 оқушы қатысты, оның ішінде 12 жеңімпаз бен жүлдегер:

Іорын-1;

ІІ орын-6;

ІІІ орын-5;

Грамота-4.

2021 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығында XXV қашықтық форматында Балқан жасөспірімдерге арналған математикалық олимпиадасы өтті, оған Қазақстанның жасөспірімдер ұлттық құрама командасы қатысты.

Олимпиадаға әлемнің 22 елінен 132 оқушы қатысты, оның ішінде еліміздің намысын қорғаған 6 математик. Атаулы білім додасына           Нұр-Сұлтан қаласының атынан 3 оқушы – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 2 оқушысы         Байжанов Сұлтанбек пен Қараман Мирас және «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Нағашбек Мұхаммед қатысты. Олимпиадада жақсы нәтижелер көрсетіп, елордалық 2 оқушы жүлдегер атанды: «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Нағашбек Мұхаммед күміс медальді иеленсе, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Байжанов Сұлтанбек қола медальді жеңіп алды.

Олимпиада сияқты ауқымды білім жарыстарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін байыпты дайындық қажет.

2021 жылғы 1-15 шілде аралығында «Астана дарыны» ДДжПСО «EDLight Academy» орталығымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары үшін «NURORDA» мектеп-лицейінің базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндер бойынша жазғы олимпиада мектебінің оқу-жаттығу сабақтарын (ОЖЖ) ұйымдастырды. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Екі апта бойы оқушылар әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды шешіп, талдады, есептерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгерді. Оқушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Қатысушылардың білім базасы әртүрлі болғанына қарамастан, оқытушылар оқушыларды ортақ деңгейге көтере алды.

ОЖЖ ұйымдастырудың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша барлық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету және дарындарды қолдау, пәндік білімге деген қызығушылығы мен қабілеті жоғары оқушылар қатарынан олимпиада резервін даярлау, Республикалық олимпиадаға қатысушылардың дайындық сапасын арттыру.

2020-2021 оқу жылында ОЖЖ көктем мен күз мезгілдерінде өтті, бұл елордалық оқушылар үшін республикалық олимпиадада жоғары нәтиже берді.

Оқу-жаттығу жиындарына елордалық 136 оқушы қатысты, олардың арасында Жасөспірімдер Олимпиадасында өздерін сенімді көрсете білген жас зияткерлер де бар. Жас зияткерлердің оқу күні таңғы 10-да басталып, кешкі 7-ге дейін ұласты.

Зияткерлік сабақтардан басқа, жаттықтырушылар оқушыларға түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, қызықты фильмдер көрсетті.

Сабақ аяқталғаннан кейін жазғы Олимпиада мектебінде жиындардың салтанатты жабылуы өтіп, спорттық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ең белсенді балалар естелік сыйлықтармен марапатталды, жазғы олимпиада мектебінің белсенді қатысушылары сертификаттар алды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы                2021 жылдың 1-12 шілде аралығында халықаралық пәндік олимпиадаларға (IMO, IPhO) дайындық аясында математика және физика пәндері бойынша онлайн режимде оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

Математикадан оқу-жаттығу жиындарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысып, олимпиада резервінің оқу-жаттығу жиындарында өздерін табысты көрсете білді және республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздар- жүлдегерлері атанды, оның ішінде 2 елордалық оқушы Қазақстан құрама командасының құрамына кірді: «Spectrum» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Дүйсенбеков Данат және Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей–интернатының 11 сынып оқушысы.

 Қазақстан құрама командасы 2021 жылдың 18-23 шілдесінде қашықтық форматта өткен ІВО-2021 биология пәні бойынша 32-ші халықаралық Олимпиадада сәтті өнер көрсетті.

Еліміздің құрама сапында болған Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Әбдіғали Гүлдана Құрмет грамотасымен марапатталды.

2021 жылғы 29 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                  А.С. Көлгінов таяуда өткен математика және лингвистика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегер оқушыларымен кездесті.

62-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың күміс медаль иегерлері (IMO-2021) «Спектрум» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков, ер балаларға арналған                        «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Сам Фетуллах және лингвистика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың жүлдегері (қола медаль) Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы Дарья Пересыпкина әкім қолынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғары бағасы зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыра түсетіні сөзсіз.

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты       2021 жылғы 24 шілде мен 3 тамыз аралығында алыс және жақын шет елдердің қатысушылары үшін математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың ХХVIII «Туймаада»  Халықаралық олимпиадасы екі форматта өткізілді.

Саха Республикасының (Якутия) оқушылары тапсырмаларды дәстүрлі форматта орындады.

Биыл Олимпиадаға Болгария, Иран, Ресей, Румыния, Сингапур,Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірінен барлығы 85 оқушы қатысты, оның ішінде ұлттық құрама сапында 7 қатысушы бар.

Бұл олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары да қатысты: Қазақстан құрамасының мүшесі – Раушанов Марлен, 11 сынып оқушысы БИЛ (ер), сондай-ақ елорда атынан бақ сынасқан дарындар: математика бойынша 9 қатысушы (БИЛ (ұл)-7, «NURORDA» – 2), физика бойынша 3 қатысушы (БИЛ (ер) – 1, «NURORDA»-2), информатика бойынша БИЛ (ер) – 2 қатысушы.

Елордалық оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Астана Дарыны» орталығы өткізетін оқу сабақтарының жүйелі дайындығының жоғары деңгейін растай түсті:

Олимпиада нәтижелері:

Математика:

І орын (алтын медаль) – Раушанов Марлен, БИЛ (ер);

ІІ орын (күміс медаль) – Әбсаттаров Нұрдәулет, БИЛ (р);

ІІ орын (күміс медаль) – Алпысбеков Алихан, БИЛ (ер);

ІІІ орын (қола медаль) – Байжанов Сұлтанбек, БИЛ (ер);

ІІІ орын (қола медаль) – Мақажанов Олжас, БИЛ (ер);

Грамота – Байтуреев Рахымжан, БИЛ (ер);

Грамота – Кусдавлетов Эльдар, «NURORDA»МЛ.

Физика:

ІІ орын (күміс медаль) – Назарбай Нұрдәулет, «NURORDA» МЛ;

ІІІ орын (қола медаль) – Маликов Амиргали, БИЛ (ер);

ІІІ орын (қола медаль) – Нахып Ердәулет, «NURORDA» МЛ.

Инфоматика –

Грамота – Жарылғамысов Темірлан, БИЛ (ер).

Жеңімпаздар иеленген әрбір медаль қажырлы еңбек пен үлкен ізденістің нәтижесі екені анық.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бұл жетістікке жетуіне олардың тәлімгерлерінің, сондай-ақ ата-аналардың да еңбегі зор

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

Педагогикалық шеберлік бөлімі мынадай жұмыстарды атқарылды:

– бөлімнің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы талдау;

– өткізілген конкурстар мен педагогикалық олимпиадалар бойынша мониторинг;

– тамыз конференциясының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары секциясының жұмыс жоспарын құру.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

Психологиялық қызмет бөлімі шілде айында төмендегі жұмыстарды атқарды:

– колледждердің психологиялық қызметтерінің бірыңғай жұмыс жоспарын құру;

– колледждердің 2-4 курс студенттеріне арналған диагностика жинағын құрастыру;

– жедел әрекет ету тобының отырыстарын өткізу (№1 мл, №68 ОМ, №21 ОМ, №82 Дарын МЛ, №52 МГ, Менеджмент және бизнес колледжі, «Шипагер» медициналық колледжі, ҚазМЗУ гуманитарлық заң колледжі);

– тамыз конференциясының педагог-психологтарының секциялық жұмысына дайындық.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Ағымдағы жылдың шілде айында «QABILET» бөлімі төмендегі екі бағыт бойынша жұмыс атқарды.

І. Ұйымдастырушылық жұмыс.

– Ата-аналардың, оқушылардың және басқа да жеке тұлғалардың Cаll-орталық телефонына түскен сұраныстары бойынша ақпараттар мен психологиялық кеңестер берілді.

ІІ. Оқу-әдістемелік жұмысы.

– 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралардың құжаттамаларын іріктеу-саралау жұмыстары жүргізіліп, іс-қағаздарды реттеу.

– Кәсіптік бағдарлау бойынша әр сыныптағы оқушыларға жас ерекшеліктерімен өмір сүру ортасына сай диагностикалардың сәйкестігіне психологиялық талдау жасау.