ІХ республикалық «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңі

Қазақтың сыршыл ақыны, ағартушы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Астана дарыны»  ДДжПС орталығы ІХ республикалық дәстүрлі «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңін Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 2021 жылдың 16 маусым күні онлайн форматта өткізді.  

ІХ республикалық «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңіне 13 мектептен 21 қатысушы сұраныс берді, 5 оқушы белгілі себептермен қатысқан жоқ. 

    «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңінің:

1. «Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім»ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу номинациясына 5 оқушы қатысып –  

І орын – № 69 МГ

ІІ орын – № 72 МЛ

ІІІ орын – № 51 МГ

Грамота –  № 87 МГ, № 65 МГ

2. «Толқынмен толқын сырласып…»шығармашылық жұмыс номинациясына 5 оқушы қатысып –

І орын –  № 87 МГ

ІІ орын – № 86 МГ

ІІІ орын – №64 МЛ

Грамота –  № 7 МГ, № 49 ОМ

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»жас ақындар номинациясына 6 оқушы қатысып – 

І орын – № 52 МГ 

ІІ орын – № 69 МГ

ІІІ орын – №87 МГ

Грамота –  № 57 орта мектебінің оқушылары  жүлделі орындарға ие болды.  

ІХ республикалық «Мағжан оқулары» қалалық іріктеу кезеңінің барлық қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз!

Сонымен қатар, Нұр – Сұлтан қаласының атынан республикалық кезеңде өнер көрсететін қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Арқалық Айдана, Садуахасова Гаухар, Ахан Назалыны үлкен әрі жауапты дода күтіп тұр! Елорданың атын асқақтатып, оза шабуын тілейміз!