ІХ республикалық «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңі

Қазақтың сыршыл ақыны, ағартушы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы ІХ республикалық дәстүрлі «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңін Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 2021 жылдың 16 маусым күні онлайн форматта өткізді. ІХ республикалық «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңіне 13 мектептен 21 қатысушы сұраныс берді, 5 оқушы белгілі себептермен қатысқан жоқ. «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңінің:1. «Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» — ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу номинациясына 5 оқушы қатысып – І орын – № 69 МГІІ орын – № 72 МЛІІІ орын – № 51 МГГрамота – № 87 МГ, № 65 МГ2. «Толқынмен толқын сырласып…» — шығармашылық жұмыс номинациясына 5 оқушы қатысып –І орын – № 87 МГІІ орын – № 86 МГІІІ орын – №64 МЛГрамота – № 7 МГ, № 49 ОМ3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас ақындар номинациясына 6 оқушы қатысып – І орын – № 52 МГ ІІ орын – № 69 МГІІІ орын – №87 МГГрамота – № 57 орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. ІХ республикалық «Мағжан оқулары» қалалық іріктеу кезеңінің барлық қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз!Сонымен қатар, Нұр – Сұлтан қаласының атынан республикалық кезеңде өнер көрсететін қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Арқалық Айдана, Садуахасова Гаухар, Ахан Назалыны үлкен әрі жауапты дода күтіп тұр! Елорданың атын асқақтатып, оза шабуын тілейміз!