«ТІЛ-МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ НЫШАНЫ»

Құрметті достар!

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілдің рухани дамуын, қазақ тілін үйренуге  талпынатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сыныптары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.

Олимпиадаға республикалық білім беру мекемелерінен өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары ерікті түрде тегін қатыса алады.

Олимпиада екі турдан тұрады:

I тур –  қашықтық.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтары күні www.daryn.kz. сайтында өтеді. Тапсырмаларды орындау аталған күні сағат 14:00 – ден 16:00-ге дейін қолжетімді болады.  Қатысушылар тіркеуден тест басталар алдында өтуі қажет. Тапсырмаларды орындау уақыты – 90 минут.

II тур –  қорытынды (республикалық).

Қашықтық турдың қорытындысы бойынша онлайн режимде ағымдағы жылдың 28 қаңтары күні  сағат 15.00-де www.daryn.kz сайтында өткізіледі.Қорытынды турға қашықтық турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады.

  Қорытынды турға өткен оқушылардың тізімі www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға  сертификаттар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО-ның дипломдары www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Толығырақ ақпаратпен танысу үшін www.daryn.kz сайтына өтіңіз.