🏆 Астана қаласының оқушылары KAZROCKETS SATELLITE DESIGN TOURNAMENT ұлттық турнирінде 1-орын алды!

Алматыда өткен KSDT 2025 финалында ARA командасы ұлттық наноспутник ұшыру жарысының жеңімпазы атанды.

Команда құрамында Астана қаласының әртүрлі оқу орындарының оқушылары бар:

№76 мектеп, Алихан Бөкейхан атындағы — Жүнішан Бердиәлі

BINOM мектебі, Алихан Бөкейхан атындағы — Алихан Максумхан

Магжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледж — Үсенбай Бекболат

Астана қаласындағы ФМБ НЗМ — Ахмет Рамазан

Оқушылар өздерінің наноспутниктерін құрастырып қана қоймай, оны вакуум, –18°C температура және центрифугада сынап, аэростатпен 4 км биіктікке дейін ұшырды!

Жеңіске жеткендерімен және 500 000 теңге сертификатымен құттықтаймыз!
ARA командасы – сендермен мақтанамыз!