«Balaskills» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңі өтті

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Balaskills» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңі 2026 жылғы сәуір айының 16 күні онлайн форматта өтті.

Чемпионаттың мақсаты – ерте жастан кәсіптік бағдар беру, балалардың болашақта заманауи жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру және өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Чемпионат 3 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңіне 31 тәрбиеленуші қатысты.

Қалалық кезеңге келесі балабақша тәрбиеленушілері жолдама алды:

«Бала дизайнер» құзыреттілігі бойынша – №33 «Алтын дән» балабақшасы, №84 «Кәусар» балабақшасы, №45 «Самұрық» балабақшасы, №82 «Айару» балабақшасы, №94 «Сұңқар» балабақшасы, №32 «Балдәурен» балабақшасы, №38 «Шаттық» балабақшасы.

«Бала аспаз» құзыреттілігі бойынша – №32 «Балдәурен» балабақшасы, №86 «Зияткер» балабақшасы, №39 «Меруерт» балабақшасы, №82 «Айару» балабақшасы, №45 «Самұрық» балабақшасы, №36 «Балапан» балабақшасы.

«Робот құрастырушы» құзыреттілігі бойынша – №84 «Кәусар» балабақшасы, №82 «Айару» балабақшасы, №86 «Зияткер» балабақшасы, №32 «Балдәурен» балабақшасы, №70 «Құлыншақ» балабақшасы, №33 «Алтын дән» балабақшасы, №94 «Сұңқар» балабақшасы, Uni Kids 3 балабақшасы.

Қалалық кезеңге өткен қатысушылар 2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 09:00-де №94 «Сұңқар» балабақшасында (А. Иманов көшесі, 40А) өтетін сайысқа қатысады.

ЕСКЕРТУ: іс-шара Tanym көпфункционалды кешенінде өткізілмейді.