Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурс өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 11 (12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсы өтті.

Математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша елордалық 6 жас дарын қатысты.

Қатысушылар:

  1. Мырзахмет Ақнұр – №87 мектеп-гимназиясы, 11-сынып;
  2. Еслямбекова Альмира – №87 мектеп-гимназиясы, 11-сынып;
  3. Алмасұлы Азамат – №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, 11-сынып;
  4. Габдурахман Марғұлан – №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, 11-сынып;
  5. Құрбанәлі Жансейт – №4 мектеп-гимназиясы, 11-сынып;
  6. Есеналы Мирас – SKILLSET SCHOOLS, 11-сынып.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жеңісті күн болсын!

https://www.instagram.com/reel/DXMhKLFDPIA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==